Бұл қалай жұмыс істейді

Нефрологиялық жәрдемге зәру жандар үшін демалысты шетелде өткізуді жоспарлау аса қиын мәселе болуы мүмкін. Емхана іздеу, құжаттар ресімдеу, билеттерге тапсырыс беру және қонақ үйден орын алу айтарлықтай дайындықты талап етеді. Diaverum компаниясының қызметкерлері бастапқы өтінім беруден бастап шетелдік саяхатқа дейінгі барлық үрдістерді орындауда Сізге шын ниетімен көмектеседі. Бар болғаны бес қадам жеткілікті.

1. Біздің толық демалыстық туристік жиынтығымыздың бірін таңдаңыз...

2. ... немесе дүние жүзі бойынша Diaverum компаниясының емханасын таңдаңыз.

Бұл нұсқа, қонақ үйден орын алуды және билетке тапсырыс беруді өзіңіз орындасаңыз қолайлы болады. Әр түрлі елдегі Diaverum емханаларының кез келгенін таңдаңыз.

3. Өтінім жолдаңыз.

Емхананы таңдағаннан кейін Демалыс кезіндегі диализ батырмасын басыңыз және диализ қызметтерін алуға ТЕГІН сұрау жасау нысанын толтырыңыз. Бірнеше оңай сұрақтарға жауап беріңіз және өтініміңізді дәл бүгін жолдаңыз.

4. Біз Сізге хабарласамыз.

Сіздің қалауыңыз бен дербес медициналық қажеттіліктеріңізді білу үшін біз Сізге телефон немесе электрондық пошта арқылы хабарласамыз. Өзіміз көрсететін қызметтер төңірегінде біз тапсырыс берушінің дайындық жұмыстарын барынша жеңілдете отырып, барлық медициналық құжаттарды дайындаймыз.

5. Шығу мерзімдері

Барлық ұйымдастыру бронь ресімделгенше тапсырыс берушімен келістіріледі. Дүние жүзіндегі Diaverum барлық емханаларының бір ортақ ерекшелігі бар: қамқорлық және дербес күтім көрсете отырып, мінсіз емдеу.

Сізге саяхатыңыздың сәтті болуын тілейміз.