Біздің бүйрегіміз

Бүйрек туралы

Біздің бүйрегіміз кез келген басқа мүше сияқты өте маңызды. Бүйрексіз өмір сүре алмаймыз. Сәйкесінше, оны қалай қорғау керектігін және оның қалай жұмыс жасайтындығын білу маңызды. Біздің бүйрегіміз қанымызды күн сайын тазартады, осылайша, ағзамыздың улануына жол бермейді. Дегенмен, бүйректің де жұмысқа жарамсыз болуы мүмкін. Бүйрегімізге уақытша зақым келтіретін немесе оны толықтай жарамсыз ететін бірнеше бүйрек ауруы бар, тіпті сан алуан туынды әсер де пайда болады. Осылайша, әрбір науқастың ауруының сипаты өзгеше келеді. «Diaverum» компаниясында біз мұны ескереміз және әрбір науқасымызға барынша дербес көзқараспен қараймыз. Соған қоса, біз бүйрегі ауыратын науқасты бір қайнар көзден көрсетілетін жан-жақты медициналық қызметпен қамтамасыз етеміз. Бұл, науқастарымыз үшін үздік және сапалы дербес емдеу көрсету ғана емес, туынды ауруларды да емдеу мен бүйректі ауыстырып қондыруға дайындау, одан кейін күтім көрсету болып табылады.