Бізге бүйрек не үшін қажет?

Бүйрек бізге өмір сүру үшін қажет. Ол бірнеше, өте маңызды қызметтерді атқарады. Оның басты мақсаты – қаннан өмір сүру өнімдерін шығару және ағзадағы тұз бен судың теңгерімінің тиісті мөлшерін сақтау болып табылады.

Бүйрек қайда орналасқан

Адамдардың көпшілігінде екі бүйрек болады, дегенмен, бір бүйрекпен де қалыпты өмір сүруге болады. Пішіні бойынша бүйрек бұршақ тәрізді және көлемі жұдырық шамасында болып келеді. Бүйректің қайда орналасқандығын анықтау үшін қолыңызды беліңізге қойыңыз және қабырғаңызды сезінгенше қолыңызды жоғары жылжытыңыз. Бүйрек бас бармақтың астында, артқы жақта орналасқан. Сіз қолмен сезе алмайсыз, ол ағзаның ішінде жақсы жасырылған.

Бүйрек қалай жұмыс істейді

Адам ағзасында дененің салмағына байланысты 4-6 литр қан айналады. Қан бүйрекке беріледі және ол арқылы бүйректің күретамырларына өтеді. Күн сайын шамамен 1500 литрге жуық қан бүйрек арқылы өтеді және шамамен бір миллион микроскоптық сүзгіштер арқылы тазартылады. Аталған сүзгіштер нефрондар деп аталады, олардың кішілігі соншалық, тек қана микроскоппен көрінеді. Бүйрек аурының көпшілігінің себебі нефрондардың зақымдалуы болып табылады. Олар өздерінің сүзгілеуші қызметтерін тоқтатқан жағдайда ағзада қауіпті мөлшерде зат алмасу өнімдері мен сұйықтықтың қауіпті мөлшерінің пайда болуы мүмкін.

Қан тазартуды талап етеді

Дене тұтынылатын тағамнан қажетті қуат алғанда тіршілік етудің кейбір өнімдері қанға өтеді. Бүйректің басты қызметтерінің бірі – аталған тіршілік ету өнімдерін қаннан үзіліссіз шығарып тұру. Бүйректі «қанды тазарту бекеті» деп те атауға болады. Егер бүйрек тіршілік ету өнімдерін қаннан айықтырмайтын болса, олар қанда жинала береді, бұл ағзаға айтарлықтай нұқсан келтіреді.

Бүйрек басқа да қызметтер атқарады

Бүйрек қанды тазартудан басқа да қызметтер атқарады. Бүйректің маңызды қызметтері – ағзадағы сұйықтық пен минералдардың теңгерімін сақтау.

Тіршілік ету өнімдерінен және судан босату

Бүйрек сүзгілеген заттар сумен араласады және зәрге айналады. Зәр бүйректен кішкене түтіктер арқылы шығарылады (несеп түтіктері) және қуықта жиналады. Тіршілік ету өнімдері мен су бар зәр ағзадан уретра арқылы шығарылады.

Бүйрек үнемі жұмыс істеп тұрады

Сонымен қатар тағамнан кальцийдің сіңірілуі үшін қажетті белсенді Д дәруменін түзеді. Кальций, басқасын санамағанда, сүйектің құрылысына маңызды. Сондай-ақ бүйрек күретамырдағы қан қысымын реттеуге және эритроциттердің түзілуіне көмектеседі. Осылайша, денсаулықтың жақсы болуы үшін маңызды қызмет атқаратындығы сөзсіз.