Бүйрек ауруының себептері неде?

Бүйрек қызметінің бұзылуының бірнеше себептері бар. Ең көп тараған екі себеп – диабет және қан қысымының жоғары болуы.

ДиабетДиабет

Диабеттің екі түрі болады: 1-түрі және 2-түрі. Диабеттің бірінші түрі болған жағдайда, ағзада қан құрамындағы қант мөлшерін реттейтін инсулин жеткіліксіз түрде бөлінеді. Диабеттің екінші түрі болған жағдайда, бөлінетін инсулин тиімсіз түрде пайдаланылады.

Егер диабет тиісті түрде бақыланбайтын болса, қан құрамында қант жинала бастайды. Қан құрамындағы қанттың мөлшері өте жоғары бола бастағанда, бүйрек зақымданады, оның ағзадан тіршілік ету өнімдері мен сұйықтықты шығару қабілеті төмендейді. Диабетті емдеу амалдарының жақсарғандығына қарамастан, диабетке шалдыққан көптеген адамдарда 20-30 жылдан кейін бүйрек ауруының пайда болу қаупі бар.

Жоғары қан қысымы, гипертонияГипертония

Қан жүретін тамырлар қабырғасындағы қанның қысымы жоғарылаған кезде, күретамырдағы қан қысымы артады. Сонымен қатар бүйректің ұсақ қан тамырларының зақымдануы мүмкін, бұл сүзгілену үрдісінің қалыпты орындалуына кедергі болады. Көп жағдайларда күретамырдағы қан қысымының жоғары болуының себебі белгісіз. Дегенмен, көптеген жағдайларда бұл науқастың жалпы денсаулық жағдайына, ұстанған өмір салты мен тамақтануына байланысты болады.

Бүйректің қабынуы (гломерулонефрит)

Бүйректің қабынуы

Бүйрек ауруының көп тараған басқа бір түрі – бүйректің сүзгі қызметін атқаратын жасушаларының қабынуы болып табылады. Осы кезде зәрдің шығуының нашарлауы, зәрде қанның және ақуыздың болуы, қабақтың күмпеюі (ісінуі), қол мен аяқтың ісінуі мүмкін.

Бүйрек ауруларының басқа да себептері

Бүйректің полиісіктік ауруы. Бүйректе іріңге толы ісіктің пайда болуын туындататын және бүйрек дертіне шалдықтыратын тұқым қуалаушы ауру.

Зәр шығатын жолда кедергінің болуы зәрдің бүйрекке кері оралып, зақым келтіруі мүмкін. Аталған кедергінің уретраның тарылуы салдарын туындауы ықтимал, бұл көбінесе бүйрек тасының болуына, ісікке немесе ер адамдардағы қуық алды безінің ұлғаюына байланысты, тарылу кейде босануға аз уақыт қалғанда да пайда болады.

Сонымен қатар зәр шығару жолдарының қайталанатын жұқпалары да бүйрек ауруларына себеп болады.

Белгісіз себептерБелгісіз себептер

Диализдегі науқастардың 20 пайызға жуығы өзінің бүйрек дертінің қандай себептен пайда болғанын білмейді. Аталған науқастар көбіне емделу үшін бүйрегінің ауруы әбден асқынғанда алғаш рет келеді, ал бұл кезеңде аурудың себебін анықтау өте қиын.