Өз бүйрегіңізді қорғаңыз

Бүйректің созылмалы аурулары – бұл аса ауыр дерт, жиілігі жер бетінде артып келеді. Барлық ересектердің бес пайыздан астамы диализдік емшара жасау мен бүйректі ауыстырып қондыру қажеттілігін тудыратын бүйректің қандай да бір ауруымен ауырады. Аталған аурулар көптеген жағдайда өмір сапасының нашарлауының салдары болып келеді.

Сондықтан да бүйрек жұмысының кемшілігінің барынша алдын алған дұрыс. Салауатты өмір салтын сақтау бойынша жалпы нұсқаулар өзінің бүйрегін түрлі дерттен қорғайтын дені сау адамдарға да қатысты болып келеді. Бүйрегінің қызметінде белгілі кемшіліктері бар адамдар үшін мұндай нұсқаулар ерекше маңызды.