БСА кезеңдері

Бүйректің созылмалы ауруы (БСА) бүйректің жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуы үдеген кезде пайда болады. БСА толығымен емдеп шығу амалдары жоқ, дегенмен, Сіз оның дамуын тежеу үшін қолыңыздан келгеннің барлығын жасай аласыз.

Аурудың бес кезеңі

Бүйрек сүзгілеу қызметін қалыпты түрде орындай алатын болса, зәрде қан мен ақуыз байқалмайтын болса, бүйрек сау деп саналады. Сүзгілеу қызметінің деңгейі жас ерекшелігіне және бүйрекке әсер ететін басқа да көптеген факторларға байланысты болады. Бүйректің жұмысқа қабілеттілігінің үнемі кеміп отыруы БСА бар екендігін білдіреді. Бүйрек біртіндеп қаннан зат алмасу өнімдері мен артық сұйықтықты шығару мүмкіндігінен айырылады. БСА пайда болуы бес кезеңнен тұрады: 1-4 кезең аралығында басты назар бүйректің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуға аударылады; бесінші кезеңдегі ауруды жеңудің жалғыз амалы – диализ немесе бүйректі ауыстырып қондыру болып табылады.

БСА кезеңдері