Баспасөздік хабарламалар

Жаңалықтарды тег бойынша іздеу

Diaverum компаниясының демалыс кезіндегі диализ ұстанымы марапатталды

Лондон/Мюнхен, 2015 жылдың 20 сәуірі – Diaverum, дүниежүзіндегі бүйрек күтімі бойынша жетекші жеткізушілердің бірі, Халықаралық медициналық саяхат журналы (IMTJ) ұйымдастырған 2015 Медициналық саяхат жүлделері сайысында Үздік маркетингтік бастама үшін жоғары марапатқа ие болды. Бұл жүлде Diaverum компаниясының демалыс кезінде диализ рәсімін жеңілдету және бүйрек емделушілеріне өз денсаулығын және әл-ауқатын реттеуге белсене араласу мүмкіндігін беретін ауқымды желі құруға ұстанымының озықтығын айғақтайды.

Diaverum компаниясы емделуші бағдарламасының сынақтық нұсқасын іске қосуда

Сидней, Мюнхен, 2015 жылдың 23 наурызы – дүниежүзіндегі бүйрек күтімі бойынша көшбасшы жеткізушілердің бірі болып табылатын Diaverum компаниясы емделушілерге өз денсаулығын реттеуге белсене араласу мүмкіндігін беретін сезгіш емделуші бағдарламасын жасақтады. d.CARE APP бағдарламасы қазір Австралияда сынақтық кезеңнен өтуде. Шамамен 100 емделуші құралды сынап жатыр.

Diaverum компаниясы жаңа қаржылық директорды және денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мәселелер мен саясат жөніндегі жаңа директорды тағайындайды

Мюнхен, 2015 жылдың «19» қаңтары – бүйрек ауруларын емдеу бойынша қызмет көрсетуші дүниежүзілік үздіктердің бірі Diaverum басшылық қатарына енетін, ең жоғары санатты екі неміс басшыларын тағайындады. «1» ақпаннан бастап халықаралық деңгейдегі тәжірибелі, халықаралық деңгейдегі мәртебесі бар Мартин Э. Лоффлер қаржылық директор лауазымынан ағымдық уақытта Diaverum компаниясында аға вице-президент және атқарушы директор қызметін атқаратын Аннетта Кумлиеннің орнына тағайындалады. Стратегиялық басқару қызметтерінің ауқымы үкіметпен байланыс және денсаулық сақтау саласындағы экономика бойынша жауапкершіліктің артуы салдарынан кеңейтілді, қазіргі уақытта оны д-р Клаус Бирманн басқарады, ол 2014 жылы Diaverum компаниясымен атқарушы кеңесші ретінде серіктес болған. Оның екеуі де Diaverum компаниясының Бас директоры және Президенті Даг Андерссон алдында есепті.

«Diaverum» компаниясы Азиялық нарыққа Қазақстандағы бүйрек емі орталықтарын сатып алу арқылы шығады

2015 жылдың «16» қаңтары, Мюнхен / Алматы қ. бүйрегі ауыратын науқастарға қызмет көрсету бойынша дүниежүзілік көшбасшылардың бірі Diaverum компаниясы бүгін Қазақстандағы «Нефрос-Азия» компаниясы мен оның ел бойынша тоғыз гемодиализдік орталықтарын сатып алғандығын жариялады. Алдағы уақытта орталықтарды Diaverum компаниясының Еуропадағы, Жақын Шығыстағы, Латын Америкасындағы және Австралиядағы емханалық желілеріне біріктіру үрдісі басталады. Бұл сатып алу компанияның Азиялық нарыққа енуде жасаған алғашқы қадамы болды. Қазақстандық қызметшілер, науқастармен қызметті тұтынушылар үздік емханалық саясат пен үрдістердің стандарттарын қолданудан, мұқият жасалатын ішкі және сыртқы аудиттен, әлемдік санаттағы оқыту бағдарламаларынан және «ең бастысы - науқас» қағидатының маңыздылығынан ұтатын болады.

Diaverum Чили астанасында бүйрек ауруларын емдеуге арналған орталық ұйымдастырды

Мюнхен / Сантьяго-де-Чили, 2014 жылдың «23» сәуірі - бүйрегі ауыратын науқастарға қызмет көрсететін дүниежүзілік үздік провайдерлердің бірі Diaverum компаниясы Чилиде бүйрек ауруларын емдеуге арналған өзінің жетінші орталығын ашты. Пуэнте-Альтода орналасқан, Сантьяго астанасының ең танымал және жедел дамып келе жатқан ауданындағы Diaseal емханасына 100 науқасқа гемодиализдік (ГД) көмек көрсететін 18 бекет кіреді.