Diaverum Чили астанасында бүйрек ауруларын емдеуге арналған орталық ұйымдастырды

Мюнхен / Сантьяго-де-Чили, 2014 жылдың «23» сәуірі - бүйрегі ауыратын науқастарға қызмет көрсететін дүниежүзілік үздік провайдерлердің бірі Diaverum компаниясы Чилиде бүйрек ауруларын емдеуге арналған өзінің жетінші орталығын ашты. Пуэнте-Альтода орналасқан, Сантьяго астанасының ең танымал және жедел дамып келе жатқан ауданындағы Diaseal емханасына 100 науқасқа гемодиализдік (ГД) көмек көрсететін 18 бекет кіреді.

«Чили астанасындағы осындай бүйрек ауруларын емдеуге арналған үлкен орталықты біздің дүниежүзілік Diaverum желісіне қоса алғандығымызды мақтан тұтамыз», – деді Хорхе Парада, «Diaverum» Чилидегі Бас директоры. «Сантьягодағы бүйрегі ауыратын науқастарда өте жоғары сапалы қызметке қол жетімділік пайда болды, енді олар біздің кәсіби көмек көрсетудегі ұстанымызбен таныса алады. Бүйрек ауруларын емдейтін Diaseal орталығының қызметшілері өз кезегінде оқыту бағдарламалары мен Diaverum компаниясы жүргізетін біліктілікті арттыру бағдарламаларынан пайда көретін болады».

Жоғары сапа мен тиімділікті қолданысқа енгізу

Жаңа орталықты ашудағы Diaverum компаниясының негізгі назары – бұл бүйрек ауруларын емдеу орталығының жұмысын ең қауіпсіз және ең тиімді түрде ұйымдастыра отырып, өте жоғары сапалы қызмет көрсету. Осылайша, біріктірудің жүз күндік және бір жылдық жоспарын қолданысқа енгізуге бірқатар күш жұмсалды.

Науқасқа таңдау мүмкіндігін беру

Енді Diaverum Chile жеті емханада 650-ден астам науқасқа жәрдем көрсетеді. Гемодиализге балама ретінде Diaverum Чилиде 45 науқасқа перитонеалдық диализ (ПД) бойынша қызмет көрсетеді. Перитонеалдық диализ – бұл үйде көрсетілетін терапиялық көмек, бұл кезде тіршілік ету өнімдері мен мөлшерден тыс сұйықтық қаннан дренаждық ерітіндіге сүзгіш ретінде науқастың перитонеалдық мембраналарын қолдану арқылы шығарылады. Мұндай емшара кейде түнде, болмаса күндіз 4-5 рет ауыстыру барысында қолмен орындалады, бұл емхана жағдайында орындалатын гемодиализбен салыстырғанда науқастардың өмір сапасын біршама жақсартады. Чилидегідей, Diaverum гемодиализдік көмекті Аргентинада, Францияда, Германияда, Венгрияда, Польшада, Румынияда, Швецияда және Уругвайда тағы да 600 науқасқа көрсетеді.

Өз сөзінде Даг Андерссон, Diaverum Бас директоры былай деді: «Diaverum Chile мақсатымыздың бағыты – бүйрек ауруларын емдеуге біріктірілген көмек көрсету, демек, науқасқа бүйрек ауруларын емдеуге қатысты және одан тыс көрсетілетін медициналық көмекті үйлестіру бойынша қыруар жұмыс атқарды. Гемо және перитонеалдық диализ бойынша көрсетілетін қызметтерден өзге, біздің Чилидегі топ аурудың алдын алумен және сауықтырумен ден айналысады – ерекшеленген медициналық көмектен тыс демалыс кезінде диализ жасауға арналған керемет орындар ұсынады, ол жерде науқастар ем қабылдау сапасын төмендетпей демалыстан рахат ала алады.

«Бүйрегі ауыратын науқастар қызмет көрсететін орталығымыздың ашылуына орай Чили астанасына шет елден де науқастардың келуіне болады, Diaverum сапалы қызметі мен ең адал көмегі дәл жаныңызда екендігіне күмән келтірмеңіз», – деді Даг Андерссон.