Diaverum компаниясы жаңа қаржылық директорды және денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мәселелер мен саясат жөніндегі жаңа директорды тағайындайды

Мюнхен, 2015 жылдың «19» қаңтары – бүйрек ауруларын емдеу бойынша қызмет көрсетуші дүниежүзілік үздіктердің бірі Diaverum басшылық қатарына енетін, ең жоғары санатты екі неміс басшыларын тағайындады. «1» ақпаннан бастап халықаралық деңгейдегі тәжірибелі, халықаралық деңгейдегі мәртебесі бар Мартин Э. Лоффлер қаржылық директор лауазымынан ағымдық уақытта Diaverum компаниясында аға вице-президент және атқарушы директор қызметін атқаратын Аннетта Кумлиеннің орнына тағайындалады. Стратегиялық басқару қызметтерінің ауқымы үкіметпен байланыс және денсаулық сақтау саласындағы экономика бойынша жауапкершіліктің артуы салдарынан кеңейтілді, қазіргі уақытта, оны д-р Клаус Бирманн басқарады, ол 2014 жылы Diaverum компаниясымен атқарушы кеңесші ретінде серіктес болған. Оның екеуі де Diaverum компаниясының Бас директоры және Президенті Даг Андерссон алдында есепті.

Басшылықтағы жаңа тағайындалымдарға түсініктеме бере отырып Даг Андерссон былай деді: «Біз бүйрек ауруын емдеуге толықтай біріктірілген үлгідегі көмекті көрсетуге байланысты өсуді және қызметіміздің аясын кеңейтуді жалғастырып келеміз, бұл басшылығымыздың қатарының толығуына ұласты».

«Мартин Лоффлер қарқынды және өте күрделі жағдайларда жұмыс жасауда мол тәжірибеге ие, ал д-р Клаус Бирманн денсаулық сақтау саласындағы стратегия, саясат және экономика жөніндегі тәжірибесі мол нағыз маман болып табылады. Олардың екеуі де науқастардың қажеттілігін басты назарда ұстайды және ұйымның бүйрегі ауыратын науқастарға біріктірілген көмек көрсетуші ретінде дамуында маңызды рөл атқаратын болады», - деп қосты Даг Андерссон.

Мартин Э. Лоффлер – халықаралық тәжірибесі бар қаржылық директор

Мартин Лоффлер өз қызметін басқару саласында бастаған. Ол басқарушы директор және аймақтық қаржылық директор лауазымына Computer 2000 компаниясында оны Tech Data корпорациясы сатып алғаннан кейін тағайындалды. 2003 жылдан бастап ол әр түрлі компанияларда қаржылық директор болып қызмет етті, соның ішінде Thiel Logistik AG, Gagfah S.A. және agri.capital компанияларында. Diaverum компаниясына келер алдында, ол Гамбургтегі CFO Solutions бөлімше бастығы болып жұмыс жасады. Мартин Лоффлер Германияда бизнес оқу орнын тәмамдаған, сондай-ақ Джорджия бизнес университетінің магистры атағына ие.

«Diaverum компаниясы соңғы жылдары таң қаларлық қарқында дамыды және қай елде болмасын жергілікті талаптарға бейімделуге мүмкіндік беретіндей икемді болуды көздегендіктен ең бағалы да сенімді серіктес болып табылады. Мен бұл кәсіпорынның дамуы мен өсуіне үлес қосу мүмкіндігін шыдамсыздана күтудемін», - деп өтті Мартин Лоффлер, аға вице-президент, Diaverum қаржылық директоры.

Д-р Клаус Бирманн – денсаулық сақтау саласы бойынша халықаралық маман

«Мен осы қарқынды дамып келе жатқан компанияда жұмыс жасау мәртебесіне ие болғандығыма және бүйрегі ауыратын науқастарға біріктірілген көмек көрсетуге өз үлесімді қоса алатындығыма мақтанамын. Қол жеткізілген жетістіктердің бірден бір маңызды факторы денсаулық сақтау саласындағы саясатты бақылауды дамыту, стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын анықтау мен қолдау және біріктірілген денсаулық сақтаудың маңыздылығын паш ететін нәтижелі жобаларды жүзеге асыру», – деді д-р Клаус Бирманн, аға вице-президент, Diaverum стратегиялық мәселелер & және денсаулық сақтау саласындағы саясат жөніндегі директор.

2015 жылы Diaverum компаниясына келгенше д-р Клаус В. Бирманн денсаулық сақтау және кәсіпкерлік саласы бойынша халықаралық атқарушы кеңесі болып қызмет атқарған. Ол еңбек жолын 1990 жылы бастаған және медицинаға, сапаны қамтамасыз ету мен зерттеулерге қатысты әр түрлі лауазымда Гамбургтың, Бохумның, Мюнстердің, Орхус пен Чикагоның университеттік ауруханаларында жұмыс жасаған, содан соң денсаулық сақтау саласының Janssen-Cilag Germany/Europe, Gruenenthal, Coss AG және T-System International сияқты компанияларының жоғарғы басшылықтарында әр түрлі лауазымда еңбек еткен. 2006 жылы ол Royal Philips Electronics компаниясында денсаулық сақтау саласы бойынша халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент және денсаулық сақтаудың дамып келе жатқан нарықтары бойынша бас медициналық маман лауазымына тағайындалған. 2012 жылы ол GE Germany/Europe компаниясында денсаулық сақтау саласы бойынша нарықты игеру & және инновациялар жөніндегі атқарушы директор лауазымына тағайындалды. Ол Швейцариядағы, Германиядағы және АҚШ медициналық зерттеулерді жіті талқылады. Дипломды дәрігер бола отырып ол Германиялық Билефельд университетінің денсаулық сақтау саласы магистры дәрежесіне ие.

Diaverum басшылығының толық құрамын мына жерден қарай аласыз.