«Diaverum» компаниясы Азиялық нарыққа Қазақстандағы бүйрек емі орталықтарын сатып алу арқылы шығады

2015 жылдың «16» қаңтары, Мюнхен / Алматы қ. бүйрегі ауыратын науқастарға қызмет көрсету бойынша дүниежүзілік көшбасшылардың бірі Diaverum компаниясы бүгін Қазақстандағы «Нефрос-Азия» компаниясы мен оның ел бойынша тоғыз гемодиализдік орталықтарын сатып алғандығын жариялады. Алдағы уақытта орталықтарды Diaverum компаниясының Еуропадағы, Жақын Шығыстағы, Латын Америкасындағы және Австралиядағы емханалық желілеріне біріктіру үрдісі басталады. Бұл сатып алу компанияның Азиялық нарыққа енуде жасаған алғашқы қадамы болды. Қазақстандық қызметшілер, науқастармен қызметті тұтынушылар үздік емханалық саясат пен үрдістердің стандарттарын қолданудан, мұқият жасалатын ішкі және сыртқы аудиттен, әлемдік санаттағы оқыту бағдарламаларынан және «ең бастысы – науқас» қағидатының маңыздылығынан ұтатын болады.

Diaverum Қазақстанда сатып алған орталықтары Алматыда, Қаскелеңде, Қарағандыда, Көкшетауда, Қостанайда, Ақтөбеде, Ақсайда және Оралда орналасқан.

Даг Андерссон, бас атқарушы директор және Diaverum компаниясының Президенті бұл оқиғаны былай деп түсіндірді: «Бүйректің созылмалы ауруы мен соңғы кезеңде аурудың бүйректі толығымен жарамсыз ету қауіпі Қазақстанда артып отыр, бұл Азияның көптеген елдеріндегідей айтарлықтай алаңдатушылық тудырады. Біз, республика үкіметінің бүйрегі ауыратын қазақстандықтарға дүниежүзілік санаттағы кәсіби медициналық көмек көрсету бойынша күшті де сенімді серіктесі болуға бел будық».

Науқас үшін бүйректің ауруын емдеуге арналған медициналық көмектің және Diaverum компаниясының басқа да медициналық көмегінің дұрыс қатынасын қалыптастыру мақсатында емдеудің дәлелденген гемодиализдік тәжірибесін басшылыққа ала отырып, бүгінгі күні бүйрегі ауыратын науқастарды біріктірілген емшараларды алумен қамтамасыз ететін провайдерлер түрленіп отыр.

«Diaverum компаниясындағы біріктірілген емшаралар үздік медициналық нәтижеге қол жеткізілетіндігіне және бүйрегінің созылмалы ауруы бар, туынды дерттері бар науқастарға емделудің үздік амалдарын ұсынатындығына кепілдік береді. Сол арқылы мемлекетке аталған ауруды емдеуге жұмсалатын қаржының артуын бақылау мүмкіндігін береді. Біріктірілген емшараларды қамтамасыз ете отырып Diaverum компаниясы денсаулық сақтау жүйесі жұмысының тиімділігін арттырады және қоғамға қомақты пайдасын тигізеді», - деп түсіндірді Андерссон мырза.

Қазақстан Республикасы – Орталық Азиядағы Орал өзенінің батысына қарай аздаған еуропалық бөлігі бар трансқұрылықтық ел болып табылады. Ауданы 2,7 млн. шаршы шақырым бола отырып, ол үлкендігі бойынша әлемдегі тоғызыншы ел болып табылады, халқының жалпы саны 18 миллион адам. Дүние жүзі бойынша бүйрегінің ауруының асқынуы соңғы кезеңдегі үш миллионнан астам адам бар. Қазақстанда да аурудың таралуы аса күрделі проблема болып саналады, ал бүйректің қызметін толығымен алмастыру емшараларын талап ететін науқастар саны күн санап артып келеді. 2013 жылы бүйректің қызметін алмастыру емшаралары 2100 жуық диализдік науқасқа талап етілді. 2014 жылдың соңына қарай олардың саны шамамен 3800 жетті.

«Бүгінгі таңда Қазақстан диализбен емдеу қызметтерін көрсететін мекемелер санын арттырды, бірақ, олар көрсететін қызметтердің сапасы әлі де жақсартуды талап етеді», - деп атап өтті Diaverum компаниясының Қазақстандағы басқарушы директоры Сардар Садықов. «Дәл осы тұста Diaverum көмектесе алады. Біз біліктілігі жоғары және аса ынталы кәсіби мамандардың көмегімен, сондай-ақ емханаларды инвестициялау және өте жоғары сапалы жабдықтармен жасақтау жолымен сапаның ең үздік стандарттарына сай келетін емдеу қызметтерін көрсетуді көздейміз. Diaverum орталықтары ең үздік, біліктіліктері жоғары медицина мамандарының болуымен, қауіпсіз емшаралар ұсынумен, жұмыстың тиімділігімен және нәтиже мен науқастың толықтай қанағаттануын көздеуімен ерекшеленеді».

Жаңа нарықта мойындалған мәртебе

Жаңа орталықтар сатып ала отырып және бүйрегі ауыратын науқастарға қатысты жауапкершілікті өз мойнына ала отырып Diaverum жаңа емханаларды біріктіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, атап айтқанда «100 күн және 1 жыл» жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоспар төңірегінде компания ең үздік қауіпсіздік стандарттарының қолданысқа енгізілуі мен Diaverum көрсететін медициналық қызметтердің мінсіз сапасын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шараларды атқаруда, сонымен қатар жаңа емханалардың қауіпсіз және тиімді тәртіпте жұмыс жасауына қажетті қосымша инвестициялар жасауда.

«Жақын шығыс және & Азия аймағы бойынша мұны Сауд Арабиясы негізінде аңғаруға болады, онда біз жақын арада денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік емханаларының 50% басқаруға болған тендерді ұтып алдық. Бұл жоба қазіргі уақытта жүзеге асырылу үстінде. Біз бірнеше емхана ашып та қойдық, бірнеше жылдан соң Корольдіктің шамамен 90 жуық диализдік орталықтарын басқаратын боламыз. Сауд Арабиясы мен Қазақстан біздің шығыстық экспансиямыздың бастауы болды. Біз Жақын Шығыс пен Азияның басқа да нарықтарын өте жоғары деңгейдегі медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», деп атап өтті Даг Андерссон мырза.

Халықаралық ноу-хау арқылы тиімділікті арттыра отырып

Жаңа нарықтардағы қол жеткен жетістіктердің бірден-бір негізі – халықаралық ноу-хаулардың трансфері болып табылады. Сауд Арабиясында біріктірілген кезеңнің емханасы деп аталатын сол жердегі орталықтарға Diaverum компаниясының басқа елдеріндегі диализдік емханаларынан аударылған медбикелер жергілікті қызметшілерге арнап тренингтер өткізетін болады және Diaverum қатаң корпоративтік саясаты мен үрдістерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін және көрсетілетін қызметтердің мінсіз сапасына кепілдік беру үшін сол жерлерде жұмыс жасайтын болады. Осындай амалмен Қазақстанда да жұмыс жасайтын боламыз, мұндағы мақсат – үздік халықаралық тәжірибелердің елдегі Diaverum жаңа емханаларына табысталуы болып табылады.