Diaverum компаниясы емделуші бағдарламасының сынақтық нұсқасын іске қосуда

Сидней, Мюнхен, 2015 жылдың 23 наурызы – дүниежүзіндегі бүйрек күтімі бойынша көшбасшы жеткізушілердің бірі болып табылатын Diaverum компаниясы емделушілерге өз денсаулығын реттеуге белсене араласу мүмкіндігін беретін сезгіш емделуші бағдарламасын жасақтады. d.CARE APP бағдарламасы қазір Австралияда сынақтық кезеңнен өтуде. Шамамен 100 емделуші құралды сынап жатыр.

«Diaverum компаниясының мақсаты — бүйрек ауруы бар емделушілерді қолға алатын кез келген нәрседе басты назарда ұстау және оларға ем алу үдерісіне араласуға мүмкіндік беру, мысалы, өздігінен күтім көрсету құрылғылары, емделушіні оқыту бағдарламалары және түнгі диализ ұсыныстары», —дейді Аннетт Кумлиен, Diaverum компаниясының Бас вице-президенті, Бас атқарушы директоры. «Жаңа бағдарламамен біз бір қадам алға басамыз: Емделушілердің медициналық деректері қолында болады және осылайша олар өз денсаулығы мен әл-ауқатына белсене араласу мүмкіндігін алады».

d.CARE APP бағдарламасы емделушілерге өз медициналық деректеріне тәулік бойы қатынасты қамтамасыз етеді. Құрал әрі пайдаланушы тәжірибесін ұлғайтатын медициналық емес мүмкіндіктерді қамтиды. Мысалы, емделушілерден күн сайын бір уақытта өздерін қалай сезетіні сұралады. Олар жалпы жағдайын бағалай алады, себептеріне ескерімдер қоса алады және осы күнделікті жағдайларын алдыңғы айлардың медициналық деректерімен салыстыра алады.

«Жиі пайдаланылатын технологияларды қамту арқылы біз емделушілерге өз денсаулығын реттеуге белсене араласу мүмкіндігін беруде және ынталандыруда алға үлкен қадам басып жатырмыз», — деген пікірде жобаны басқаратын Карла Солт, Diaverum компаниясының Үнемді өндіріс жөніндегі Вице-президенті. «Мысалы, бағдарламаның сезгіш және қолдануы оңай болуы үшін пайдаланушы интерфейсі емделушілермен тығыз ынтымақтасу арқылы жасақталды».

Бүгінгі таңда Diaverum компаниясында Австралиялық диализ емделушілерінің 20 пайызы сынақтық кезеңдегі бағдарламаны сынап жатыр. Келесі қадам Diaverum компаниясының бүйрек орталықтары бар өзге елдерге тарату алдында бағдарламаны әрі қарай жетілдіру және нақтылау болады. d.CARE APP бағдарламасы тек Diaverum емделушілеріне қол жетімді және ақысыз.