Diaverum компаниясының демалыс кезіндегі диализ ұстанымы марапатталды

Лондон/Мюнхен, 2015 жылдың 20 сәуірі – Diaverum, дүниежүзіндегі бүйрек күтімі бойынша жетекші жеткізушілердің бірі, Халықаралық медициналық саяхат журналы (IMTJ) ұйымдастырған 2015 Медициналық саяхат жүлделері сайысында Үздік маркетингтік бастама үшін жоғары марапатқа ие болды. Бұл жүлде Diaverum компаниясының демалыс кезінде диализ рәсімін жеңілдету және бүйрек емделушілеріне өз денсаулығын және әл-ауқатын реттеуге белсене араласу мүмкіндігін беретін ауқымды желі құруға ұстанымының озықтығын айғақтайды.

«Біз Diaverum компаниясының Демалыс бағдарламасы қол жеткізген осы жүлдені мақтаныш тұтамыз. Диализ емделушілері аптасына ем-шараны үш рет алады және осы қатаң кесте әдетте олардың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Біздің мақсатымыз — емделушілерге өмірден ләззат алуға және медициналық жағдайына қарамастан қалаған орындарға сапар шегуге мүмкіндік беру. Diaverum компаниясының тұжырымдамасы сенім мен сапаға негізделген және тіпті шетелге сапар шеккен кезде де үздік күтімді үздіксіз алуды қамтамасыз етеді», — деді осы аптада Лондонда өткен салтанатты рәсімде жүлде табысталған Андре Фрейтас, Diaverum Демалыс бағдарламасының басшысы.

2014 жылы шамамен 5000 емделуші Diaverum Демалыс бағдарламасы аясында сапар шегіп, демалу мүмкіндігін алды. Diaverum Демалыс бағдарламасы орталықтағы үйлестірушілер жүргізетін оңтайландыру желісіне кіреді және емделушілер қауымдастығы және сапар агенттіктері сияқты көптеген сыртқы серіктестер тарапынан емделушілер пайдасына қолдау табуда. Басты назарда емделуші болатын ұстаным нақты Diaverum Демалыс бағдарламасының бөлімі, емхананы табу құралы, оңай тіркелетін бағдарламалар және сапар шегу жөніндегі нақты кеңестер бар жаңадан іске қосылған веб-торапты қамтиды. Одан басқа, Diaverum компаниясы емделушіге арналған мәселелермен бөлісетін мықты серіктестерді бір араға жинайтын демалыс кезіндегі диализге арналған жылдық жиналысты өткізеді.

«Емделушілерге сапар шегу мүмкіндігін беру — ұжымның шынайы еңбегінің жетістігі. Қалыптасқан желі мәселелері қолдан келгенше көбірек Diaverum емделушілеріне және бөгде емделушілерге жеткізіледі және оларға өмір сүру сапасын жақсарту мүмкіндіктері ұсынылады. Демалыс кезіндегі диализ бойынша дүниежүзілік ұстанымыңызға қол жеткізудің IMTJ ұйымы тарапынан ерекше мадаққа ие болуы біз үшін үлкен мәртебе», — деп мәлімдеді Кристин Бухбергер, Diaverum компаниясының Маркетинг директоры.

Медициналық саяхат жүлделері сайысын Халықаралық медициналық саяхат журналы (IMTJ) ұйымы иеленеді, ұйымдастырады және өткізеді. 2007 жылдан бері IMTJ ұйымы медициналық саяхат және медициналық туризм саласына қатысты түсініктеме береді және дүниежүзіндегі денсаулық сақтау жеткізушілерін алаңдататын тақырыптарды қамтиды. Денсаулық сақтау саласын халықаралық деңгейге көтеру IMTJ ұйымы үшін өте маңызды. Медициналық саяхат туралы ақпаратты, ресурстарды және көзқарасты орталықтандыру көзделеді.

Diaverum Демалыс бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алыңыз