Дүниежүзілік Diaverum компаниясы

Дүниежүзілік Diaverum компаниясы

Біздің Diaverum компаниясындағы басты мақсатымыз — бүйрегінің дерті бар науқастардың өмір сапасын физикалық және эмоциялық қалыпқа келтіру арқылы жақсарту. Бүйрегі ауыратын науқастарға күтім көрсету қызметтерін көрсететін әлемдегі үздіктердің бірі бола отырып, Diaverum компаниясы кешенді амалмен емдеуді ұсынады — аурудың алдын алудан және бүйрек ауруының ерте кезеңдерінде науқасқа көмек көрсетуден бастап, бүйрек қызметін алмастыру емшараларының барлық түрлеріне дейін. Еуропадағы ірі тәуелсіз қызмет көрсетуші бола отырып, біз науқастарамыздың тек қана дербес мұқтаждықтарын қанағаттандыра алатын мүмкіндіктерге иеміз. Ең алғашқы диализдік емхана пайда болған уақыттан бері, бүйрегі ауыратын науқастарға күтім көрсету бойынша біздің тәжірибеміз 20 жылға ұласады, ол кезде бұрынғы атауы Gambro Healthcare болатын. Бүгінгі таңда компанияның 9000 қызметшісі 29 мыңнан астам науқасқа Еуропаның, Латын Америкасының, Жақын Шығыстың, Австралияның және Шығыс Еуропаның 20 астам елінде қызмет көрсетуде. Diaverum компаниясының штаб-пәтері Лундта (Швеция), ал корпоративтік кеңсесі Мюнхенде (Германия) орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*2016-02-15