Ғылыми зерттеулер

Diaverum компаниясының ғылыми зерттеулерінің тұжырымдамасы науқастардың өтініштері мен мұқтаждықтарына негізделген. Ғылыми директор Джованни Ф.М. Стрипполидың басшылығымен біз жұмысымыздың әдістерін жақсартуға және бүйрек дертіне шалдыққандардың күрделі мұқтаждықтарын жақсы түсінуге бағытталған дүниежүзілік санаттағы емханалық зерттеулерге неғұрлым белсенді қатысудамыз.

Жүргізілген сауалнамалар науқастардың ауруларына қарамастан, күнделікті өмірлерінің сапасын жақсартуға бейім зерттеулерді неғұрлым маңызды деп танитындықтарын көрсетіп отыр. Науқастарға аурудың алдын алуға, асқынулары мен белгілеріне, диализ бен трансплантацияға бағытталған зерттеулер қажет, атап айтқанда психологиялық факторлар мен жалпы өзін-өзі сезінуді ескеретін зерттеулер маңызды. Diaverum компаниясының науқастардың мұқтаждықтарына негізделген зерттеулері диализ барысында болатын қауіпті болдырмауға немесе барынша азайтуға, оның тиімділігін арттыруға, диализдің ықтимал кері әсерлерінің орын алуына жол бермеу амалдарын іздестіруге және диализ барысында қолданылатын дәрі-дәрмектердің іс жүзіндегі жағымды әсерлерінің дәлелдерін анықтауға бағытталған.

Ағымдық зерттеулер

Қан аздық

CEDOSE. Көп орталықтық салыстырмалы түрде рандомизацияланған зерттеу, оның барысында диализдегі науқастардың қан аздығын емдеу үшін пайдаланылатын эритропоэз-ынталандырушы дәрілердің (ЭЫД) бекітілген екі мөлшерлемесі салыстырылады. Осы зерттеуге гемодиализдегі 900 адам жұмылдырылады, олар шамамен бір жылға жуық уақыт бойы аталған дәрі-дәрмектердің көп және аз мөлшерлемелерінің пайдалы және зиянды әсерін бағалау үшін бақылауда болады. Зерттеу жұмысы Италиядағы Италиялық дәрілік заттар жөніндегі агенттіктің, дәрілік заттарға жасалатын тәуелсіз зерттеулерді қаржыландыратын мемлекеттік органның қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі

LIRICO. Көп орталықтық салыстырмалы түрде рандомизацияланған зерттеу, оның барысында АПФ ингибиторларын, ангиотензин түзгіштерінің блокаторларының пайдалы әсері мен микроальбуминуриялы науқастардағы (бүйректен

альбуминнің аздаған мөлшерінің зәрге түсуі) үйлесімділігі және жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуының бір немесе бірнеше факторларымен сабақтастығы анықталады. Мұндай адамдарға емдеу болмаған жағдайда жүрек-қан тамырлары ауруларының ауыр түрлерінің пайда болу қаупі, өлім қаупі немесе диализді, болмаса бүйректі ауыстырып қондыруды талап ететін бүйрек дертінің пайда болу қаупі төнеді. Бұл зерттеуге микроальбуминуриялы және жүрек-қан тамырлары ауруының пайда болу қаупі бар 1300 жуық адам жұмылдырылған, қазіргі уақытта аталған дәрілердің пайдалы және зиянды әсерін анықтау үшін оларға тұрақты бақылау жасалып келеді, бұл тексеріс төрт жылға созылатын болады. Зерттеу жұмысы Италияда жүргізіледі және Италиялық дәрілік заттар жөніндегі агенттік тарапынан қаржыландырылады.

Жыныстық дисфункция және депрессия

CDS. Дүние жүзіндегі ең ірі айқас зерттеу, ол гемодиализдегі науқастар арасындағы депрессия мен жыныстық дисфункцияның таралу жиілігін анықтайды. Сонымен қатар, зерттеу диализдің емханалық тиімділік факторлары мен науқаста депрессияның

және жыныстық дисфункцияның болуының ықтималдығының әлеуметтік-экономикалық жағдаяттарын анықтайды. Зерттеу аяқталғаннан кейін, эректильдік дисфункция және әйелдер арасындағы жыныстық дисфункция жөніндегі нәтижелер ең ірі халықаралық нефрологиялық журналдарда жарияланды. Алдағы жылдар ішінде басқа нәтижелердің қосымша талдауларын жариялау жоспарланып отыр. Басым бөлігі Diaverum компаниясы тарапынан қаржыландырылған зерттеуге гемодиалидегі 3000 науқас қатыстырылды.

Ауыз қуысы аурулары

ORAL-D. Ірі халықаралық, бір сәттік және проспективтік когорттық зерттеу. Бұл зерттеу төңірегінде тіс ауруларының, тіс маңы тіндерінің, ауыздың шырышты қабатының және сілекей бездері ауруларының гемодиализдегі науқастар арасында таралу жиілігі анықталады. Сонымен қатар зерттеу барысында аталған паталогиялық өзгерістердің стационарға қабылданумен және гемодиализдегі өлімнің жиілігімен байланыстылығы анықталады. Қазіргі уақытта, ол халықаралық деңгейде Diaverum компаниясының емханаларында аяқталды және аурудың таралымына қатысты мәліметтерге талдаулар жасалуда. Кезекті бақылау 2013 жылы аяқталатын болады, соған қоса, аса ауыр қан тамыры зақымдарына байланысты болуына да талдау жасалады. Гемодиализдегі 5000 жуық науқас тексерістен өтті, бұл қоғамдық денсаулық сақтау тұрғысынан ауыз қуысының ауруларының алдын алу мен осыған байланысты туынды кері әсерлердің орын алуына жол бермеуге көп күш жұмсауды талап етеді. Зерттеудің бас демеушісі Diaverum компаниясы болды.

Тамақтану

Diaverum емханасы жүргізетін тамақтанудың зерттелуі, дүние жүзіндегі ең көлемді проспективтік когорттық зерттеу болып табылады. Бұл шара төңірегінде бүйрек аурулары терминалдық кезеңдегі науқастардың тамақтану үлгілері, сондай-ақ өліммен және жүрек-қан тамырлары жүйесі мен мидағы қан айналымы тарапынан болатын аса ауыр кемшіліктермен байланысы анықталатын болады. Қазіргі уақытта бұл зерттеу тек бастау алды. Гемодиализдегі 5000 астам науқас зерттелетін болады, бұл қоғамдық денсаулық сақтау тұрғысынан жүрек-қан тамырлары жүйесі мен мидағы қан айналымы кемшіліктерінің туынды кері әсерлердің орын алуына жол бермеуге көп күш жұмсауды талап етеді. Зерттеудің бас демеушісі Diaverum компаниясы болды.

Жарияланымдар

Diaverum компаниясының зерттеулерінің нәтижелері нефрология және ішкі мүшелер медицинасы жөніндегі көптеген беделді медициналық басылымдарда жарияланады. Оған: «Journal of the American Society of Nephrology», «Kidney International», «American Journal of Kidney Diseases» және «Nephrology Dialysis and Transplantations» басылымдары жатады. Сонымен қатар бізді «New England Journal of Medicine», «Lancet», «Annals of Internal Medicine», «British Medical Journal», «Cochrane Database of Systematic Reviews» және «Plos Medicine» басылым беттерінен де табуға болады.