Шабыт беру

Таңдау

Әрбір емделушінің өз дертіне ұстанымы және медициналық көмек қажет болғанымен, әрі қарай өмір сүру жолы әр түрлі болады. Біз емделушілерге мүмкіндік береміз және өз өмір сүру салтына барынша үйлесетін ем-шараны таңдауын қалаймыз. Осы себептен, Diaverum компаниясы гемодиализ, перитонеальді диализ, өздігінен күтім және үйде күтім жасау сияқты емдеу баламалары және әдістері туралы жан-жақты ақпарат негізінде емделушілерге дәйекті таңдау жасау мүмкіндігін беретін өздігінен шешім қабылдау нұсқаулығын жасақтады. Осы үдерістен нефрологпен бірге өту емделушіге шынайы түрде мүмкіндіктер ашады. Қосымша ақпаратты осында оқыңыз

Емделушіні оқыту

Бүйрек емделушілеріне мүмкіндік берудің басқа жолы олардың өз науқасын жете түсінуінде. Diaverum компаниясының оқыту бағдарламасы емделушілердің өз жағдайын түсінуін және созылмалы бүйрек ауруымен өмір сүру жолын белгілеуде белсене араласуын арттырады. Салада бірегей болып табылатын бағдарлама сегіз оқу модулінен, емделуші кітапшасынан, электрондық оқу құралынан және көп арналы құралдар жинағынан тұрады – осылардың барлығы емделушілерге қалыпты өмір сүру мүмкіндігін беруге арналған. Қосымша ақпаратты осында оқыңыз

Науқасқа сөйлеу мүмкіндігін беру

Diaverum компаниясы барынша үздік бүйрек күтімі қызметтерін жеткізуге мүдделі. Сондықтан, біз емделушілерге барлық қызметтер жөніндегі өз пікірін білдіруге шақырамыз. Емделушінің сөзін ескеру оның басымдықтарын және алаңдаушылығын жете түсінуде өте маңызды. Емделуші пікірі жөніндегі IWantGreatCare қызметімен серіктестік арқылы тоқсан сайын өткізілетін сауалнама аясында барлық емделушілерден ойларымен және тәжірибесімен бөлісу сұралады. Сауалнама қысқа және нақты түрде, бірақ емделушілерге өте маңызды алты тақырыпты қамтиды: сенім, араласу, емдеуді (диетаны) түсіну, күту уақыты, күтімді жақсарту және емхананы ұсыну.

d.Care App

Diaverum компаниясы емделушілерге өз денсаулығын реттеуге белсене араласу мүмкіндігін беретін сезгіш емделуші бағдарламасын жасақтады. d.CARE APP бағдарламасы қазір Австралияда сынақтық кезеңнен өтуде. Шамамен 100 емделуші құралды сынап жатыр. d.CARE APP бағдарламасы емделушілерге өз медициналық деректеріне тәулік бойы қатынасты қамтамасыз етеді. Құрал әрі пайдаланушы тәжірибесін ұлғайтатын медициналық емес мүмкіндіктерді қамтиды. Мысалы, емделушілерден күн сайын бір уақытта өздерін қалай сезетіні сұралады. Олар жалпы жағдайын бағалай алады, себептеріне ескерімдер қоса алады және осы күнделікті жағдайларын алдыңғы айлардың медициналық деректерімен салыстыра алады. Қосымша ақпаратты осында оқыңыз