Біліктілік

Біз толығымен нефрологиялық көмек көрсетуді көздейміз.

Біз тек қана қызмет көрсететін емханамыз. Біз нефрологиялық көмек көрсетуге басты назар аударамыз, тек қана нефрологиялық көмек. Diaverum компаниясы нефрологиялық көмек көрсететін басқа компаниялармен салыстырғанда диализге арналған жабдықтар мен оған қатысты өнімдерді шығарумен, сатумен айналыспайды. Оның орнына біз өте жоғары сапалы емдік қызмет көрсету мен өте ұтымды бағадағы ең қолайлы қызмет көрсетуді үйлестіруге мүмкіндік беретін жабдықтар мен жұмсалмалы материалдарды әлемнің кез келген өндірушісінен алуға еріктіміз.

Біздің қызметтеріміз – сапа мағыналасы

Науқасқа емделудің үздік нәтижелерін беретін емдеу амалдары мен түрлерінің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз толық және жан-жақты клиникалық емшаралар мен әрекеттерді орындаймыз және оларды қолданысқа енгізудеміз, сонымен қатар аудиттің қалыптастырылған ұлттық нормативтік талаптарына қосымша ретінде үнемі ішкі аудиттер жүргізіп отырамыз. Біздің медициналық әдістер дәлелдік медицина қағидаттарына негізделген, олардың қауіпсіздігі теориялық және тәжірибелік емдеудің стандартталған әдістерімен, сондай-ақ біздің бірегей «Тәжірибелік қызметтегі құзырлылық» бағдарламамызбен қамтамасыз етіледі. Қосымша ақпаратты осында оқыңыз

Емдеудің кешенді амалы

Біздің барлық қызметіміз науқасқа бағытталған. Науқастардың өмір сапасын арттыру үшін біз диализ, трансплантация, аурудың алдын алу және өмір салтын қолдау бойынша көрсетілетін қызметтердің толық кешенін ұсынамыз, соның ішінде демалыс кезіндегі диализ де бар. Емханалық зерттеулер саласындағы қызметіміз біздің науқастарымыздың мұқтаждықтары мен өтініштеріне негізделген. Біз толығымен науқасқа, оның физикалық және көңіл-күйлік жайлылығына назар аударамыз.

Біз кешенді денсаулық сақтау шешімдерін жеткіземіз.

Біз кешенді бүйрек күтімі жеткізушісі болып табыламыз. Біз толығымен науқасқа, оның физикалық және көңіл-күйлік жайлылығына назар аударамыз. Біз бүйрек күтімін барынша жеңілдетіп және қол жетімді етіп, емделушіге жеткізілетін бүйрек және өзге қызметтерді жаңашыл түрде үйлестіруді бастап жатырмыз.

Біз денсаулық сақтау жүйесінде қаражатты үнемдеуге көмектесеміз

Біз денсаулық сақтау ұйымдарының және өзге тұлғалардың сенімді серіктесіміз және біз емделушіге барынша көңіл бөліп, сапалы күтім қызметтерін жеткізу арқылы денсаулық сақтауға бөлінген шектеулі қаражатты оңтайлы түрде пайдалану ісінде осы ұйымдарға қолдау көрсетеміз. Diaverum компаниясының көбірек емделушіге қызмет көрсетуі денсаулық сақтау ұйымдарының бүйрек күтіміне жұмсайтын жалпы шығын көлемін азайтуға және денсаулық сақтау ұйымдарының қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мақсатымыз басты назарда емделушіні ұстайтын үздіксіз, ұзақ мерзімді шешімдер жасақтау болып табылады.

Ғылыми зерттеулер

Diaverum компаниясының ғылыми зерттеулерінің тұжырымдамасы науқастардың өтініштері мен мұқтаждықтарына негізделген. Ғылыми директор Джованни Ф.М. Стрипполидың басшылығымен біз жұмысымыздың әдістерін жақсартуға және бүйрек дертіне шалдыққандардың күрделі мұқтаждықтарын жақсы түсінуге бағытталған дүниежүзілік санаттағы емханалық зерттеулерге неғұрлым белсенді қатысудамыз. Қосымша ақпаратты осында оқыңыз