Мансап

Diaverum Great people. Great care.

Бізбен бірге өркендеңіз!

Біз үшін ең бастысы адам, сондықтан біз науқастардың өміріне жақсы өзгерістер әкелуге ұмтыламыз. Осы мақсаттың орындалуына өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, Diaverum компаниясы туралы ақпаратпен танысыңыз!

Қазіргі таңда бізде қандай жұмыс орындары және Diaverum компаниясындағы түрлі мамандықтарды қарап көріңіз. Diaverum компаниясы өз қызметкерлеріне ұсынатын бағдарламаларымен және компаниямыздың мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жалпы құндылықтарымен танысыңыз. Білім алу және даму біздің мәдениетіміздің негізгі бір элементі болып табылады. Біздің біліміміз және жүйеленгенәдістеріміз,саладағы жоғары стандарттарды ұстануға мүмкіндік береді.

Біз сізді Diaverum компаниясымен танысуға шақырамыз және толығырақ ақпарат қажет болса, бізбен хабарласыңыз.

«Біз үшін ең бастысы адам. Бұл – біздің басты ерекшелігіміз. Адамдар Diaverum компаниясын ерекше етеді. Біз пациенттерге күтім көрсету қызметінің нағыз шеберіміз және күтіммен бірге біз адами қарым-қатынас орнатуды білеміз. Осындай үйлесім бізді бірегей етеді. Жылы және шырайлы атмосфера біздің пациенттерімізді қуатты сезінтеді, ал кәсіпқойлығымыз бен біліктілігіміз жақсы емдеу кепілдігін қамптамасыз етеді. Біздің қызметкерлер маңызды, мақсаты мен мәні бар жұмысқа ие құрама топтың мүшесі ретінде сезінеді. Білікті, айбарлы болу және жұмысты жігермен істеудегі құндылықтарымызда барлығы тереңінен орныққан және біз осындай әдісті қолдайтын адамдарды іздеудеміз. Біз дүниежүзілік дамып келе жатқан ұйым болып табыламыз, ал бізге қосылған дарынды мамандар бізбен бірге өсіп өркендейді.»  

Снежана Спайич, SVP, Адам ресурстары бөлімінің басшысы