Біздің күту қызметіміз — жоғары сападағы стандарттар

Diaverum компаниясында бізді үздіксіз үйрену, білімімізді арттыру және сол білімді қолдану ықыласымыз біріктіреді.

Клиникалық жұмыс қағидалары мен процедуралары

Diaverum компаниясының клиникалық қағидалары Diaverum клиникасындағы барлық әрекеттерге анықтамасын беріп қадағалайды. Ережелер мен процедуралар кітапханасы әрбір қызметкерге емдеу процесі барысында кез келген жағдайда қалай әрекет ету қажеттігі туралы нұсқалар береді. Бұл ережелер мен процедуралар халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге және тиімділік пен сенімділігін арттыруға көмектеседі. Diaverum компаниясының қағидалары заңнамадағы өзгертулер мен ғылыми жаңалық ашулар шарттарының соңғы талаптарын ескере отырып әрдайым жаңартылады.

Біздің ғылыми бағдарламамыз

Diaverum компаниясы тәжірибелерімізді үздіксіз дамыту, бүйрек науқастарының құрама қажеттіліктерін түсіну және олардың өмір сүру сапасын арттыру үшін әлемдік деңгейдегі пациентке бағытталған клиникалық зерттеулерге қатысады.

Жоғары медициналық нәтижелер

Diaverum компаниясы пациенттерді емдеу нәтижелеріндегі жоғары стандарттарға сай келетін бірінші санатты диализ қызметін көрсетеді. Біздің айлық шаралар тоқсандық есептерде көрсетіледі, жетістіктер әрдайым бақыланады және әлемдік көрсеткіштерімен салыстырылады. Біздің барлық клиникаларымыз осы медициналық стандарттарға сәйкес басқарылады.