Халықаралық деңгейдегі мүкіндіктеріміз

Халықаралық деңгейде озық тәжірибелермен алмасу және білім алу мақсатында түрлі мамандықтар бойынша аса қабілетті қызметкерлерге арнайы бағдарламалар ұсынамыз және бағдарлама барысында оларға толықтай қолдау көрсетеміз.

Медбикелер мен мейіргерлерге арналған Integration Nurse бағдарламасы

Біздің медбикелер мен мейіргерлерге арналған Integration Nurse бағдарламасы оларға шетелдік іссапарларға, әдетте жаңа нарықтарға қатысуына мүмкіндік береді. Бұл іссапарлар әдетте 6–12 айға созылады. Бұл мерзімде медбикелер мен мейіргерлер өз тәжірибелерімен жергілікті ұжыммен бөлісіп, өз дағдылары мен білімдерін жетілдіреді. Медбикелер мен мейіргерлерге арналған Integration Nurse бағдарламасы Diaverum интеграциялық процесінің жаңа нарықтарда құрылуын қолдауға бағытталған маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, медбикелер мен мейіргерлер өз елдеріне оралғанда жұмыспен қамтылу кепілдігін алады.

d.ROTATION

Біздің қызметкерлеріміз жұмысын тиімді орындап білімдері мен дағдыларын қуана бөліседі. d.ROTATION бағдарламасы арқылы медбикелер мен мейіргерлер арасында ортақ мәдени алмасу және озық тәжірибенің дамуына ықпал етеміз. Бұл іссапарлар әдетте 12–24 айға созылады және озық тәжірибе алмасумен қатар қызметкерлеріміздің жеке дамуына мүмкіндік береді. Integration Nurse бағдарламасына қатысқан медбикелер мен мейіргерлер сияқты d.ROTATION бағдарламасына қатысушылар іссапарларын аяқтаған соң өз елінде жұмыспен қамтылу кепілдігіне ие болады.

Оқыту

Ортақ іспен ынталана айналысқан біз мақтан тұтатын білікті қызметкерлерден тұратын ұжымымыздың мақсаты бір — бүйрек ауруларын емдеу саласында өзгерістер еңгізу. Біздің қызметкеріміздің білімі мен тәжірибесі Diaverum компаниясының ең құнды активтері болып табылады.

Біздің жаңа қызметкерлеріміз өз әріптестерінің көмегімен үйреніп кетеді. Бар қызметкерлер өз білімдерімен бөлісіп, жаңа әріптестерінің бастапқы кезден жұмыста өздерін еркін сезінуіне көмектеседі.

Біздің елдік басқару топтарымыз бір-бірімен тығыз байланыста әрекет етеді және озық тәжірибелерімен шектеусіз бөліседі.