Біздің мақсатымыз бен көзқарасымыз

Diaverum компаниясының мықты мақсаты бар: «Бүйрегі ауыратын пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту»

Мақсат пен көзқарас

Diaverum компаниясында бүйрегі ауыратын пациенттерге медициналық жағдайлары мен өмір салтына жақсы сай келетін терапиялар қамтамасыз етуге мақсаттанамыз. Бірақ әрбір пациент өзгеше. Сондықтан, пациентке өмірлік жағдайларына, сырқаттарына, қосалқы аурулары мен эмоционалдық күйіне жалпылама қарау маңызды болып табылады.

Өзінің ұзақ мерзімді тәжірибесі және мыңдаған пациенттерімен байланысы негізінде Diaverum компаниясы барлық диализ нысандарын, сондай-ақ профилактикалық күту және ауыстырып орналастыруды қамтитын біртұтас күтім тәсілін әзірледі. Сонымен қатар, біз пациенттерімізге өмірін сақтауға қажетті медициналық емдеуге қауіп төндірместен дене шынықтырумен айналысуға және демалысқа баруға, қалыпты өмір сүруге қолдау көрсететін өмір салты қызметтерін ұсынамыз. Осы кең портфолиомен пациенттер өмір сүру сапасын арттыру үшін мүмкіндік пен таңдауға қолжеткізеді.

 

Бізде сондай-ақ Diaverum компаниясында неге мақсат қоятынымызды көрсететін өте айқын көзқарас бар: «бүйрек ауруларын емдеуде ең бірінші таңдаулы» болу

Біз әрбір жеке адамға жеке күтім мен жеке емдеулер қызметін көрсетеміз. Пациенттерімізді әрбір ісіміздің негізіне қою олардың хал-жағдайына көңіл бөлуді, сенімді қарым-қатынастарды арттыруды, оларға жеке тұлға ретінде қарауды және пациенттерімізді медициналық және эмоциялық тұрғыда сауықтыруды білдіреді. Пациенттерімізге өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесу арқылы бірінші таңдаулы болу көзқарасымызға жететінімізге сенеміз.