Біздің қызметкерлер

Diaverum компаниясы өз қызметкерлеріне аса назар аударады. Біздің ұжым қамқоршыл және игі іске өз үлесін қосуға дайын кәсіби және білікті қызметкерлерден тұрады. Біздің желілеріміз жеке тұлғаның халықаралық деңгейде өсуі мен дамуына мүмкіндік береді. Біздің ұжым алуан тәжірибелі және түрлі мамандықтарға ие мүшелерден бірлескен. Біз денсаулық сақтау саласындағы дарынды мамандарды қабылдаймыз, сонымен бірге өзіміз басқа салалардан үйренуге дайынбыз және денсаулық сақтау саласына қадам жасағысы келетін мамандарға қуанышты боламыз:

Науқасты күтушілер

Біздің медбикелер мен мейіргерлер науқасты күту қызметінің сарапшылары болып табылады және қызметкерлеріміздің басым көпшілігін солар құрайды. Емделушілермен тікелей және ұзақ қарым-қатынас орнататын және пациенттердің күн сапасын жақсартатын дәл солар. Біздің медбикелер мен мейіргерлер компаниямен ұйымдастырылатын қызметкерлердің дамуы мен тәжірибе алмасуына арналған бірнеше бағдарламаларға қатысады.

Дәрігерлер

Дәрігерлер Diaverum компаниясындағы сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жауапты кәсіби мамандар болып табылады. Олар пациентке бағдарланған ғылыми-зерттеу бағдарламаларды бақылауына алып бүйрек ауруларын емдеуде ең жоғары стандарттарды ұстануымызды қамтамасыз етеді. Diaverum компаниясында дәрігерлер өз тәжірибелерімен ортақ бөлісіп бір-бірінен үйренуге арналған оқыту бағдарламасы арқылы оларға заманауи мәліметтер қол жетімді болады. Ісімізде ең үздік болуда және тәжірибемізбен халықаралық деңгейде бөлісуде біздің дәрігерлеріміздің еңбегі зор.

 

Басқа клиникалық қызметкерлер

Жоғары деңгейде сапалы күтім көрсету біздің клиникаларымыздағы медбикелер мен дәрігерлерге көмектесетін барлық клиникалық қызметкерлері арқасында мүмкін. Олар клиникаларымыздың жоғары стандарттарға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және пациенттерімізге көрсетілетін көптеген күту қызметтерін үйлестіруде үлесін қосады.

Басқарма және корпоративтік топтар

Diaverum компаниясының басқармасы және корпоративтік топтары тек денсаулық сақтау саласынан ғана емес, сонымен қатар алуан түрлі салалардан біріккен дарынды мамандардан турады. Түрлі салалар, мамандықтар мен мәдениеттерден алып үйренген білімдерімен олар Diaverum компаниясының тәжірибе негізін байытуда және 20-дан астам елде қызметкерлеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.