Емдеу

Диализдік емшара

Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі әдетте ұзақ уақыт бойы пайда болады. Бұл науқасқа, оның жақындарына және медициналық топқа дайындалу мүмкіндігін береді.

Көптеген науқастарға диагноз қойылғаннан кейін бірден бүйрек ауыстырылып қондырылмайды, сондықтан оларға дәрі-дәрмектер мен диализдік емшара қажет. Науқастың медициналық және дербес қажеттіліктеріне сай келетін диализдік емшараның түрін таңдай білу маңызды. Оның үстіне, науқастарға, олардың туыстары мен жолдастарына мұндай жаңа жағдайға үйрену керек. БСА (бүйректің созылмалы ауруына) байланған өмір де сау адамның өміріндей толыққанды бола алады: барлығы науқас пен оны қоршаған адамдардың қарым-қатынасына және емделуге байланысты болады.