Амбулаториялық жағдайдағы үнемі перитонеалдық диализ

ҮАПД –перитонеалдық диализ әдісі, науқас емшараны күніне 3-5 рет орындайды. Бұны үйде қалыпты өмір сүре отырып үйде немесе жұмыста орындауға болады.

ҮАПД жұмыс істеу қағидаты

Шамамен 2 литрлік диализдік ерітінді құрсақ қуысына ПД катетері деп аталатын арнайы түтікше арқылы енгізіледі. Бұл үрдіс «инфузия» деп аталады. Тазарту үрдісі құрсақ қуысындағы мембрананы табиғи сүзгіш ретінде пайдаланады. Қалдық пен артық сұйықтық денеден диализдік ерітіндіге перитонеалдық мембрана арқылы шығарылады. Бұл үрдіс «күту уақыты» деп аталады. 4-12 сағаттан соң осы сұйықтық құрсақ қуысынан 20-30 минуттық «дренаж» деп аталатын үрдіс кезінде шығарылады. Кейін құрсақ қуысына жаңа стерильді диализдік ерітінді енгізіліп, үрдіс қайталанады. Пайдаланылған диализдік ерітіндіні ағызу мен жаңа ерітіндіні енгізу үрдісі «алмастыру» деп аталады және негізінен, гравитация есебінен орындалады. Осы ауыстыруға кететін уақытты қоспағанда, орташа есеппен 30-40 минут, күніне 3-5 рет — қалған уақытта қалаған шаруалармен айналыса аласыз (жұмыс, оқу және тіпті саяхаттау). ҮАПД

ҮАПД материалдары

Барлық диализдік ерітінді, түтіктер және басқа да материалдар кезең-кезеңмен Сіздің үйге жеткізіліп тұрады. Әр түрлі диализдік ерітінділерді пайдалану мен қолдану жиілігін сіздің дәрігер жазып беретін болады.

Глюкоза – артық сұйықтықты шығаратын негізгі зат

Денеден артық сұйықтықтың тиісті мөлшерін шығару үшін дұрыс тығыздықтағы диализдік ерітінді болуы керек. Диализдік ерітінді негізінен глюкоза ерітіндісінен тұрады, ол құрсақ қуысының мембранасы арқылы денеден суды құрсақ қуысына сорып алады. Бұл үрдіс «ультрасүзгілеу» деп аталады.

Оқыту

Ерітіндіні өз бетінше алмастыру үшін диализдік жүйені дұрыс жалғау мен ажыратуды үйрену керек. Ерітіндіні алмастыру әдісі, әрі ықтимал мәселелерді анықтау мен шешу үйретіледі. Оқу әдетте бір апта алады және сіз алғаш рет диализ қабылдайтын емханада немесе ауруханада болады.