Өзіне өзі гемодиализдік қызмет көрсету

Кейбір емханалар науқастарға емделуіне белсенді араласуды ұсынады. Өзіне өзі гемодиализдік қызмет көрсету емхананың стандартты диализдік бөлімшесінде орындалады. Көп жағдайда өзіне өзі қызмет көрсететін емханалар негізгі диализдік емханадан тыс орналасады (мысалы, шағын ауруханаларда, медицина орталықтарында немесе жеке емханада).

Мұндай жағдайда диализ жасау үшін қажетті әрекеттерді орындау бойынша нұсқаулық беріледі. Науқастар аталған әрекеттердің кейбірін орындайды, бірақ медбикелер оларға көмектесуді жалғастырады. Бұл науқастардың диализдік емшарада неғұрлым белсенді жұмыс жасайтындығын, кейде тіпті оны толық бақылаушы болып табылатындығын білдіреді.

Оқу кезеңі, емделу кезінде науқастың өзіне жүктеп алатын жауапкершілігінің көлеміне байланысты болады. Оқу кезеңі, науқастың емделу барысын бақылауды барынша жетік меңгере алуын қамтамасыз ету мақсатында аздаған бөліктермен жүргізілуі мүмкін.

Науқас сенімді бола бастағанда, мына әрекеттердің кейбірін орындауды үйренеді:

Өзіне өзі гемодиализдік қызмет көрсету

  • жабдық пен материалдарды дайындау;
  • қан тамырына енгізілетін жабдыққа инені орнату;
  • дәрілік заттарды егу;
  • аппарат жұмысын бақылау;
  • күретамырдағы қан қысымы мен қан тамырының соғуын өлшеу;
  • емшаралар журналын жүргізу;
  • диализ жасалатын жайды және жабдықтарды тазарту.

Өзіне өзі гемодиализдік қызмет көрсетудің артықшылықтары:

  • емдеуді бақылаудың көп мүмкіндігі;
  • диализ, дәрі-дәрмектер және емдеу нәтижелері туралы неғұрлым толық хабардар болу;
  • науқастарды өзінің диализіне мүдделі «аман-есен» науқас қоршаған;
  • үнемі диализ кестесін өзіңізге қолайлы етіп жасауға болады.

Өзіне өзі гемодиализдік қызмет көрсетудің кемшіліктері:

  • аппаратты орнату мен жинау үшін қосымша уақыт талап етіледі;
  • диализ кестесіне сай күн мен уақыт тәртібін сақтау керек;
  • бөлімшеге баруға және көлікті орналастыруға уақыт жұмсалады;

Кейбір емханаларда науқастың қалауына қарай жекелеген емшараны немесе барлық емшараны науқастың өзінің орындауына мүмкіндік беріледі. Бұл ортақ күтім деп аталады. Бұл жағдайда науқас пен медбике қызмет көрсету жоспарын құрайды да, медбике ортақ күтіміне қатысты науқастың әрекеттерін үнемі бақылап тұрады.