БСА байланған өмір

Өмірде бүйрек дертіне шалдығу сияқты өзгеріс орын алған жағдайда алаңдау, қорқу және болашаққа алаңдау әркімге тән құбылыс. Аяқ астынан өмірлік жоспарларыңыз бітпес сұраққа айналады, аталған жоспарлардың қалай және немен алмасатындығына үнемі алаңдау орын алады.

Бүйрек қызметінен айырылу мен диализге тәуелді болу өмірді күрт өзгерістерге ұшыратады. Сіздің медициналық қызметкеріңіз диализге тәуелді өмірге бейімделуіңізге көмектесуде маңызды рөл атқарады.

Диализдің қажеттілігін сезінуСіздің емделуіңіздің мақсаты – мүмкіндік бойынша барынша қалыпты өмір сүру салтын қалыптастыру болып табылады. Көптеген науқастар диализді қажетті қолайсыздық деп қабылдайды. Олар диализ үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін диализ жасайды!

Дегенмен, өміріңізде болып жатқан өзгерістерді меңгерудің қажеттілігіне байланысты қиыншылықтардың туындайтындығын ұғыну оңай емес. Оның үстіне, медицина қызметкерлерімен өз сезіміңіз туралы сөйлесудің де қиын болуы мүмкін.

Егер диализдегі өмірге дағдылануда қандай да бір қиыншылық сезінетін болсаңыз, оны іште ұстамауға тырысыңыз. Емханадағы медицина қызметкерлерімен әңгімелесіңіз; өзіңіздің жаныңызға жақын адаммен кездесуді сұраңыз. Медициналық қызметкерлердің бүйрек дертімен ауыратын науқастармен жұмыс жасау бойынша көп жылдық тәжірибелері бар, бұрын-соңды кездеспеген жағдайлар бар деп айтуға болмайды. Көбіне аздаған ақпарат немесе емделудің аздап өзгеруі көптеген нәрсені оңайлатады, бұл болса, осындай жағдайларды мүлде басқаша қабылдауға көмектеседі.

Өз проблемаларыңызбен бөлісуден қорықпаңыз, біз болсақ, Сізге жәрдемдесу үшін мүмкін әрекеттің барлығын жасаймыз. Қиыншылықпен бөлісу – оны жартылай шешу.