Өз еміңді таңда

Сіздің өміріңіздің салтына алмастыру емшараларының қандай түрі сай келеді?

«Бүйректің созылмалы ауруы» диагнозын қойғанда дүниенің бастан аяқ төңкерілгендей болатыны рас. Сізді болашақта ненің күтіп тұрғанын ойлап, алаңдау орынды жағдай, десек те, екі науқаста толығымен бірдей келетін жағдайдың болмайтындығы да анық. Кейбір науқастарда диализ бастау қажеттілігі туындағанша аурудың белгілері байқалмайды, ал кейбіреулерінде олардың күнделікті өмірлік дағдыларына, хоббилері мен қалыпты өміріне кедергі келтіретін, ауыр емханалық белгілер байқалады. Көңіл-күйдің ауытқуы, алаңдаушылық, сенімсіздік, депрессия, жасаңдану, қанағаттанбаушылық және ашушаңдық аталған созылмалы ауруға шалдыққандар үшін таныс құбылыстар.

Науқас ретінде Сіз нефрологиялық көмекті және Сіздің өмір салтыңызға сай келетін бүйрек қызметін алмастыратын емшараларды таңдауға белсенді ат салысуға құқыңыз бар. Сіздің құндылықтарыңыз бен ниетіңіз емдеудің тиісті амалын таңдаудағы ең басты екі фактор болып табылады. Сонымен қатар, Сіздің дәрігер мен Diaverum компаниясының медициналық тобының күмәніңізді сейілту үшін және Сіздің қауіптенуіңізді жою үшін, Сізге және Сіздің отбасыңызға барынша қолдау көрсету үшін үнемі жаныңызда болатындығын есте сақтаңыз. Оның үстіне қандай да бір кезде Сіз диализдік емшаралардың амалдарын өзгертуге ниетті болсаңыз бұл үшін медициналық шектеулердің жоқтығын біле жүріңіз, қашан да оны өзгерте аласыз. Егер тіпті дәл қазіргі уақытта болашағыңыз бұлыңғыр болып көрінетін болса саяхаттап, спортпен шұғылданып және қоғаммен араласу арқылы қалыпты өмір сүруге болатынын біліңіз. БСА бақылау – толыққанды өмір сүруді жалғастыру болып табылады.

Бүйректі ауыстырып қондыру арқылы үздік нәтижеге және жақсы өмір сапасына қол жеткізуге болады. Дегенмен, бүйректі ауыстырып қондыру барлық науқастарға бірдей келе бермейді, оның үстіне донорлық мүшелер де тапшы. Науқастың донорлық мүшені алғанша айлап, тіпті жылдап күтуіне тура келуі мүмкін, одан кейін ол адам өмір бойы дәрі ішуге мәжбүр болады. Сондықтан диализ ағзадан уремиялық улағыштарды шығаруға бағытталған емдеудің бірінші кезеңі болып табылады.

Орындалуы тиіс қадамдар:

Біз диализдік емшара туралы шешім қабылдау барысында Сізбен бірге боламыз. Үрдіс маңызды алты қадамды қамтиды, оған тек қана Сіздің өмір салтыңыз ғана жатпайды, сонымен қатар емделудің әр түрлі нұсқаларына қатысты маңызды мәселелерді ашып көрсетеді. Шешімді Сіз қабылдайсыз, бірақ Сіз жалғыз емессіз.

Таңдау үрдісі