Емдеу түрлері

Бүйректің жоғалған қызметтерінің алмастырылуы керек. Көптеген адамдар үшін бұл бүйректі ауыстырып қондыру болып табылады. Дегенмен, емдеудің бұл әдісі барлық науқастарға бірдей келе бермеуі мүмкін, кейбіреуіне донордың мүшесін біраз күтуіне тура келеді.

Егер трансплантация мүмкін болмаса, бүйректің жоғалған негізгі қызметтері үшін диализ қолданылады. Диализдің екі түрі болады: перитонеалдық диализ және гемодиализ. Емдеудің бұл түрі күнделікті өмірге әр түрлі әсер етеді.

Перитонеалдық диализПеритонеалдық диализ

Перитонеалдық диализ (ПД) үй жағдайларында орындалады. Емшараны түнде 8-10 сағат бойы немесе күн бойы қысқа 3-5 емшара ретінде орындауға болады. Емшараны орындау үшін күніне 1-2 сағат кетеді. Перитонеалдық диализ жасалу әдісіне қарамастан өте қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді және жұмысты, отбасылық немесе қоғамдық міндеттерді орындау барысында өмір сапасын жақсартады. Әдетте науқастар амбулаториялық бөлімшелерге тексерілу үшін айына 1-2 рет барады. Көптеген адамдар үшін перитонеалдық диализде көптеген шектеулерсіз қалыпты түрде тамақтануға болады, тек тағамдық өнімдердің кейбір түрлеріне ғана шектеу қойылады.

Гемодиализ

Әдетте гемодиализ (ГД) ауруханада немесе диализдік емханаларда аптасына 3 немесе мүмкіндігінше 4 рет, болмаса одан да жиі жасалады. Әдетте бұл емшараға кемінде 4 сағат, тіпті 6 сағат та кетуі мүмкін. Емделуге қажетті уақыттан басқа диализдік науқас үшін ол күні ауруханаға баруға және одан қайтуға, емшара басталғанға дейін күтуге және үйге оралуға уақыт керек. Жалпы алғанда, ауруханадағы гемодиализ үшін күніне бірнеше сағат керек, бұл жұмыстық, отбасылық және де басқа міндеттерді орындауға әсер етеді. Гемодиализдегі көптеген науқастарға тамақтану мен сұйықтықтарды тұтыну бойынша бірқатар шектеу қойылады.

ГемодиализКейде гемодиализдің әрбір түрін орындауға болады. Оған өзіне өзі қызмет көрсету, үй жағдайындағы диализ, күндізгі немесе түнде жасалатын диализ жатады. Аталған нұсқалардың мақсаты – икемділікті арттыру, көптеген шектеулерсіз қалыпты тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз ету және гемодиализдегі науқастың өмір сапасын жақсарту болып табылады.

Диализдің әрбір түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, белгілі диализдік емханада барлығына бірдей қол жетімді бола бермеуі мүмкін. Алмастырушы бүйректік емшаралардың түрлері туралы көбірек білген соң, ең дұрыс шешім қабылдай аласыз.