Емханалық тиімділік

Diaverum компаниясының науқастарына медициналық көмек ең үздік стандарттар бойынша көрсетіледі, диализдің орынды екендігі анықталады және тамақтану, қан аздықты емдеу, минералды заттардың алмасуының бұзылуы мен сүйек тіндерінің құрамы ескеріледі.

  1 тоқсан 2019 1 тоқсан 2018
Kt/V ≥ 1.4 87 85
Емдеу мерзімі аптасына ≥ 720 минут 95 95
Альбумин ≥ 3.5 г/л 88 88
Гемоглобин 10 - 12 г/дл 66 64
Фосфор 2,5 - 5,5 мг/дл 73 71
Кальций х фосфор құрамы < 55 мг2 /мл2 (%) 85 84

 

Kt/V: Диализдің орынды екендігінің көрсеткіштері

Kt/V диализдің орынды екендігін анықтайтын жалпылай қолданылатын әдіс болып табылады. K – тазарту деңгейі –диализатордың зәрден қанды тазарту қабілеті; t – емшараның ұзақтығы; V – науқастағы сұйықтықтың мөлшері. Диализді аптасына үш рет жасау барысында көптеген стандарттар 1,4 тең келетін бір пулалық Kt/V мақсаттық мөлшерінің минималды мәнін алуды меңзейді.

Емшаралардың апталық ұзақтығы: Ұзақтық = Сапа

Емшаралардың ұзақтығы диализ барысындағы өміршеңдіктің тәуелсіз көрсеткіші болып табылады. Біздің мақсат — біздің науқастар үшін емшаралардың ұзақтығын аптасына 720 минуттан артық болмаумен қамтамасыз ету.

Альбумин: Тамақтану мен қабыну көрсеткіштерін өлшеу

Альбумин — қан плазмасының негізгі ақуызы, ол плазманың коллоидтық осмотикалық қысымына жауапты, себебі ол қан тамырларының қабырғалары арқылы өте алмайды.

Диализ жасау барысында сарысулық альбумин тамақтану мен қабынудың маркері ретінде пайдаланылады. Сарысулық альбуминнің > 3,5 г/б концентрациясында болуы, әдетте, жеткілікті, дегенмен, мақсаттық мөлшерінің мәнінің талдаудың таңдалған түріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Гемоглобин: Қан аздықтың түзелу көрсеткіштері

Гемоглобин — оттегін ағза бойымен тасымалдайтын, эритроциттердің темір құрамды ақуызы. Гемоглобин қан аздықтың түзелуінің көрсеткіші ретінде пайдаланылады. Diaverum компаниясы науқастардың гемоглобиндерінің мөлшерін 10-12 г/б шамасында қамтамасыз етуді көздейді, ол ережелерге сай диализ кезіндегі гемоглобиннің мақсаттық мөлшері болып танылады.

Фосфор: Минералды заттардың алмасуы мен сүйек тіндерінің бұзылуының көрсеткіштері

Фосфор сүйектің қалыптасуына қажетті элементтердің бірі болып саналады. Бүйрегінің ауруы терминалдық кезеңдегі науқастарда, әдетте, сарысудағы фосфор мөлшері көп болады, бұл жүрек-қан тамырлары аурулары мен жұмсақ тіндердің кальцификациясына ұшырататын болады. Мақсат — сарысудағы фосфор мөлшерінің 2,5–5,5 мг/б аралығында болуын қамтамасыз ету.