Гемодиализ

Гемодиализ ағзаңыздан тыс орындалатын емшараларда қанды тазартады. Емшара кезінде қан диализдік аппаратқа жалғанған сүзгіштен (диализатор) өтеді. Емнің әрбір сеансы әдетте 4-5 сағатты алады, оны кемінде аптасына үш рет орындаңыз.

Гемодиализ қалай жұмыс жасайды

Диализатор – Сіздің қаныңыздан зат алмасу өнімдері мен артық сұйықтық шығарылатын орын. Диализатордың басты ерекшелігі – өте жұқа жартылай өткізгіш мембраналардан тұрады. Мембраналар қан мен диализдік ерітінді арасындағы бөгет қызметін атқарады және заттардың қанға және қаннан таңдаулы түрде араласуын қамтамасыз етеді.

Бұл өте қиын сияқты, бірақ, шын мәнінде оп-оңай: залалсыздандырылған пластмасса түтіктер диализаторға жалғанады; бір түтік қанды диализаторға жеткізуге, келесі түтік – оны ағзаға қайтаруға арналған. Түтіктер және диализатор (қан өткізетін контур) диализдік аппаратқа жалғанады. Аппарат қан өткізетін контурдағы қан айналымын қауіпсіз бақылап отырады, жылдамдығы әдетте 250-450 мл/мин. Контурдың жалпы көлемі 200-300 мл. құрайды. Әдетте диализдің бір толық сеансы 4-5 сағатты алады.

Гемодиализ

Диализ сеансы қалай орындалады

Гемодиализді бастау алдында қан тамырыңыз қол жетімді болуы керек. Әрбір сеанстың басында қан өткізетін контурға жалғау үшін қан тамырын дайындауға бағытталған әрекеттерді орындау қажет. Диализ сеансы бойы науқастың креслода ыңғайланып отыруы немесе төсекте жатуы керек; кітап оқуыңызға, музыка тыңдауыңызға немесе ұйықтауыңызға болады. Әрі ұялы телефон арқылы қоңырау шалуға, компьютермен жұмыс жасауға, фильм қарауға немесе ғаламторды пайдалануға болады.

Емшара кезінде Сізге тиісті дәрілік заттарды қан өткізетін контур арқылы тікелей егуі де мүмкін. Медбикелер де жағдайыңыз бен диализдік аппараттың жұмысын тексеріп тұрады. Диализ сеансы аяқталғаннан кейін Сізден қан өткізетін контурды ажырату үшін басқа әрекеттер орындалады.

Сеанстан соң қалжырауыңыз мүмкін

Былайша, гемодиализ онша ауыр емес. Дегенмен, кейбір туынды әсерлерді сезінуіңіз мүмкін. Әдетте, диализдің ұзаққа созылған сеансынан кейін науқастар қалжырап қалады. Бұл симптомнан айығу әдістеріне: тамақтануды түзету мен үнемі жаттығулар жасау жатқызылады. Бұл күшті болуды жалпылай жақсартады. Кейбір адамдардың жүрегі айнып, басы айналып немесе диализ сеансы кезінде бұлшық етінің тартылып қалуы мүмкін. Егер Сізде осындай қиыншылықтар болса, медициналық қызметшілер оларды жеңуіңізге бар көмекті көрсетеді.