Демалыс кезіндегі диализ науқастарының тәжірибелері

Біздің көптеген науқастарымыз демалысқа барынша жиі баруды қалайды. Diaverum компаниясының әдісіне сай демалыс кезіндегі диализ туралы олар не ойлайды? Бізге жолданған бірқатар пікірлермен танысыңыз:

  • I am passionate about history and genealogy. I love to discover interesting facts about my family history. I also suffer from renal failure, which means I need to undergo dialysis regularly. Kościerzyna has a great medical base in this respect. Thanks to the local Diaverum dialysis station I can continue my treatment away from home while exploring my roots and discovering new members of my big family. (...) I can't wait for my next visit to Poland. I love Polish cuisine and the local people. I always feel at home here.
    Patient who visited our clinic in Kościerzyna/Poland in 2019
  • Мен диализдік емшара қабылдауды бастағаннан бері бірнеше емханада болдым, Ротеремдегі емхана – бұл мен ем қабылдаған орталықтардың ішіндегі ең қолайлысы деп айта аламын. Маған не ұнады: Ынтымақтастықтың үлгісі бола алатын және білікті мамандар, ғимараттағы кең жайлар, қолайлы икемделетін креслолар, саған қызмет көрсетілгенше мүлде күтпейсің, тұрақ жай да тегін және жақын орналасқан.
    Симон Хазенфусс 2014 жылы Ұлыбританияның Ротерем қаласындағы емханамызда болды.
  • Әуел бастан-ақ жұмысшылар мейманшыл, тату екендіктерін көрсетті, маған сабырлық сезімін қондыра білді және барлығына қолдан келетін көмекті жасауға шынымен тырысты. Автобустың жүргізушісі мені жақын маңдағы қонақ үйден уақытында алып кетті. Палаталық қызметшілер мені өте жылы қарсы алды, дәрігер ағылшын тілінде жақсы сөйледі, бұл да менің жайлануыма себеп болды, мен осы жерде қабылдаған еміме дән ризамын. Менің ешқандай шағымым жоқ және осы емханаға міндетті түрде ораламын.
    Лилиан Мулхурн 2012 жылы Испанияның Пинеда дель Маардағы емханамызда болды.
  • Мен өз басым Сем Парк емханасында бұрын да болғанмын, жасаған емдеріне өте ризамын. Медициналық қызметшілер өте мейірбан және аса жоғары біліктілікке ие. Менің тағы да келетінім анық!
    Хорст Хуксолл 2012 жылы біздің Румыния, Бухаресттегі емханамызға келген.
  • Бұл өте, өте жақсы. Маған өте жақсы күтім көрсетеді. Шын мәніне келгенде маған осы жерде, Торремолиносте болу үйге Англияға оралғаннан жақсы. Медбикелер сенің қал-жағдайыңды үнемі тексереді, соған қоса бұл жерде үнемі дәрігер бар. Сонымен қатар, бұл жердегі кофе керемет! Мен тұрақтанған жерден емханаға көлікпен 15-20 минут қана жүру қажет. Бұл өте қолайлы ғой. Төлемге де менің алаңдауымның керегі жоқ, оны E111 үлгісінің [Еуропалық медициналық сақтандыру карточкасы] көмегімен-ақ аударуға болады.
    Алан Гулдинг 2011 жылы Испанияның Торремолиностегі емханамызда болды.