Демалыс кезіндегі диализ науқастарының тәжірибелері

Біздің көптеген науқастарымыз демалысқа барынша жиі баруды қалайды. Diaverum компаниясының әдісіне сай демалыс кезіндегі диализ туралы олар не ойлайды? Бізге жолданған бірқатар пікірлермен танысыңыз:

  • Емхана қонақ үйдің тура етегінде орналасқан. Мен әдетте емханаға бару үшін такси шақыртамын, мұнда жолға 3-4 минут қана қажет. Бір күні жалпы ұлттық көтеріліс болып, такси табу мүмкін болмады, сондықтан мен қонақ үйге диализден кейін жаяу келуді шештім, соншалықты жап-жақын. Ешқандай тілдік қарым-қатынас қиыншылығын көрмедім. Дәрігерлер және [Малагадағы демалыс барысындағы диализдің үйлестірушісі] Паулина, басқалары да ағылшын тілінде сөйлейді. Барлығы өте жақсы, мейірімді және қашан да көмек көрсетуге дайын. Мен шын мәнінде Испаниямен шексіз тамсанудамын, маңыздысы, осында үнемі бір немесе екі дәрігердің болатындығына разымын. Мен Сіздерге диализдік емшара бойы көрсеткен көмектеріңіз үшін алғысымды айтқым келеді.
    Рой Рейнберд, 2011 жылы Испанияның Торремолиностағы емханамызда болды