Белсенді өмір салтын ұстаныңыз

Гемодиализдегі науқас бола отырып қалыпты, толыққанды өмір сүре аласыз. Сіздің медициналық қызметкеріңіз Сізге жәрдем беру үшін барлығын жасайды. Бірақ қорыта келгенде, барлығы да өзіңізге байланысты болады. Позитивтік ұстанымда болыңыз! Қиындықтардың орнына мүмкіндіктерді іздеңіз. Өз мүмкіндігіңіз шегінде өмірдің рахатын көріңіз.

Еңбектенуден тынбаңыз!

Диализдік емшараның басталуы, жұмысыңыз ауыр күш түсетін еңбекпен байланысты болатын жағдай болмаса, жұмысыңызды тастау керек дегенді білдірмейді,. Сергіңіз және өзіңізді жұмысқа баруға көндіріңіз. Ол көңіліңізді бөлетін факторға айналады. Көптеген жұмыс берушілер бұл жағдайды жақсы түсінеді, сондықтан да Сізге қиындыққа төзіп, жеңе білуде көмектесуге дайын. Егер оқу орнына баратын болсаңыз ештеңені өзгертудің қажеті жоқ.

Физикалық қалпыңызды сақтаңыз!

Спорт және диализ

Жайсыздық келтірмейтіндей күш түсіріп, еңбектеніңіз. Бұл денсаулығыңыз бен сергектігіңізді жақсартады. Әрі өзіңізді толыққанды өмір сүрушілердей сезінетін боласыз. Бұл өте маңызды. Дегенмен, бірнеше шектеу бар. Егер Сізде терең жара, контрактура немесе трансплантат болса, спорттың жанаспалы түрлерімен, мысалы, регбимен айналыспаңыз. Жүзумен айналысқыңыз келсе алдымен дәрігермен кеңесіңіз.

Көлік жүргізуді де жалғастыра беріңіз!

Әдетте көлік жүргізуді жалғастыра аласыз. Бұл өміріңізді жан-жақты ете түседі. Гемодиализдің бірінші екі айында емшарадан соң бірден көлік жүргізбеген абзал. Егер жүк көлігінің, таксидің немесе автобустың жүргізушісі болсаңыз, жағдайыңыздың әдеттегі жұмысты жалғастыруға жарамдылығын анықтау үшін өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Шылым шекпеңіз!

Жалпы, шылым шегу қауіпті, сондықтан гемодиализдегі науқас бола отырып өзіңізді қосымша қатерге соқтыруға құқыңыз жоқ. Егер бүйректі ауыстырып қондырушылар қатарында болсаңыз, шылымнан бас тарту аса маңызды. Шылым шегу қан тамырларына зиян келтіреді, бүйректі ауыстырып қондыру нәтижесінің оң болуына кедергі келтіруі мүмкін. Ішімдікті тек қана түзімделген сусындық мөлшер мен емдәмге сай тұтынуға рұқсат беріледі. Кеңес алу үшін медициналық қызметкерге жүгініңіз.

Өзіңізге демалыс ұйымдастырыңыз!

Демалыс рахатын көру мүмкіндігі әр адамда болуы керек. Бүгінгі таңда бұл гемодиализдегі науқастар үшін де мүмкін. Тек қана шағын жоспар қажет. Медициналық қызметкерлермен кеңесіңіз және демалысыңызды барынша жақсы жоспарлауға көмектесулерін өтініңіз. Олар қайда бару керектігін және демалыс барысында диализ алуды қалай ұйымдастыру керектігін нұсқай алады. Diaverum емханасы, ең керемет көмек алып жатқаныңызға еліңізде де, шетелде де сенімді болуыңызға кепіл болады.