Дәрілік заттар

Диализдік емшара басталған кезде қажетті көптеген дәрмектер Сізге емге дейін қажет болған дәрілерге ұқсас. Кейбір дәрілерді қабылдауды реттестіру қажет, сондықтан дәрігердің тексеру жасауы талап етіледі. Төменде гемодиализдегі науқастарды емдеуде пайдаланылатын танымал арнайы дәрілік заттар көрсетілген.

ЭЫД

Бүйрек эритроциттердің түзілуін ынталандыратын эритропоэтиннің (ЭПО), гормонның қайнар көзі болып табылады. Аса ауыр дерт кезінде эритроциттердің түзілуінің кемуі салдарынан осы гормон жетіспейді, соның салдарынан қан аздық туындайды. Инъекция түрінде ұсынылатын эритропоэз-ынталандырушы дәрілер (ЭЫД) эритроциттердің түзілуін жеделдетеді.

Темір

Темір, гемоглобин мен эритроциттердің түзілуі үшін қажет. Кейде темір қосу қажет, оның дәрмектері әдетте тамырға егіледі.

Д дәрумені

Бүйректе бүйрек ауруы кезінде Д дәруменінің аздап түрленуі (белсенділендірілуі) орын алады. Дәрумен ішекте кальцийдің сіңірілуіне және сүйектің қатаюына ықпал етеді. Белсенді Д дәруменінің жетіспеуі сүйек ауруы мен сүйек әлсіздігіне ұштасатын сүйек дерттеріне шалдықтырады. Бесленді Д дәрумені пероралдық жолмен қабылдауға да, қан тамырына егуге де ұсынылуы мүмкін.

Дәрілік заттар

Фосфат-байланыстырушы дәрілер

Фосфаттар ақуызға бай тағамда болады, оның үстіне бүйрек арқылы жақсы бөлінеді. Бүйрек жұмысының кемшілігі барысында ағзада жиналып ақалады, себебі бүйрек оны шығаруға жарамсыз. Гиперфосфатемия ағза тіндерінің кальцификациясына және қан тамырларының кальцинозына ұшыратады. Фосфат-әр тамақтану сайын тұтынылатын байланыстырушы дәрмек, ішекте фосфаттың сіңірілуін төмендетеді және қан құрамындағы фосфат мөлшерін азайтады.

Гипотензивтік емшара

Бүйрек қан қысымын реттеуге қатысады, сондықтан бүйрегі ауыратын науқастар арасында гипотензивтік дәрілер ішу кеңінен тараған амал. КҚ жоғары болуы мұқият бақылауды талап ететін қауіптің жүрек-қан тамырлық факторы болып табылады. Диализдік емшаралар басталғанда, аталған дәрі-дәрмектерге қатысты қажеттілік әдетте кемиді, кейде оларды тұтынудың толықтай тоқтатылуы да мүмкін.

Қанды сұйылтатын дәрі-дәрмектер (антикоагулянттар)

Егер Сіз гемодиализдегі науқас болсаңыз, онда емшаралар атқару барысында Сізге қанның ұйығыштығын төмендететін дәрі егілетін болады (қан беретін түтіктер мен диализатордың өзінде тромбтардың пайда болуына жол бермеу үшін). Олар диализ сеансының басында да, емшара барысында да егіледі.

Басқа да дәрі-дәрмектер

мысалы, жүрек-қан тамыры ауруларын, қант диабетін, гиперлипидемияны, депрессиялық синдромды, жыныстық дисфункцияны емдеуге арналған дәрілер, ауыруды сездірмейтін дәрілер және т.б.