Диализге қарамастан ең асқақ арманды орындау

Өмір қиындықтарға толы, бірақ мүмкіндіктерге де толы. Менің атым Рамун Будрикиен, мен кәсіпкер әйелмін және күрескермін.

Алты жыл бұрын анамның 60 жылдық туған күніне торт жасап жатып, мен өз арманымды таптым. Мен жай ғана әдемі кондитер бұйымдарын жасау дарыным бар екенін анықтадым. Бір торттан кейін екіншісін жасадым, қазір мен Sugar Studio атты Литвадағы Клайпеда қаласында белгілі кондитерлік дүкенге иемін. Қазір мен арманымдағыдай өмір сүрудемін.

Бүгін жеткен жағдайыма жететініме күмән жоқ еді. Аутоиммундық ауруға, қан обырына, жұқпаларға шалдығудан кейін және бір жыл дерлік ауруханада өткізгеннен кейін ең оңай жол жаңадан тапқан дарынымды елемеу болатын еді. Бірақ мен олай істей алмадым.

Тіпті ауруларымның салдарларына байланысты 2008 жылы диализді бастау да мені тоқтатпайды. Менің ойымша, сіз өзіңізді аяй аласыз, әрқашан шағына аласыз және ақтауларды таба аласыз, бірақ бұл ештеңені өзгертпейді. Мен арманымнан бас тарта алмайтынымды басынан білдім. Бұл мен істеуім керек бірдеңе болды.

Осы өткен алты жылға қарасам, күн ара емдеуге көңіл бөлудің және диализдегі емделуші болудың орнына бизнеске, қатты бәсекелестікке және жаңа инновациялық идеяларға көңіл бөлу маған өте көп қуат берді, өте қөп қуаныш әкелді.

Барлық қиындықтардан менімен бірге өткен қатты қолдайтын отбасыма қоса, күшімнің көп бөлігін торттарым және десерттерім береді. Жеке армандардың және мақсаттардың болуы күнде күресуді жалғастыруды әлдеқайда жеңілдетеді. Өмір сізге сынақтарды бергенде әдемі торт жасаңыз.